"Маңғистаумұнайгаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
27.01.22 12:09
/KASE, 27.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Маңғистаумұнайгаз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 107 856 540 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 089 460 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға MANGISTAU INVESTMENTS B.V. болып
табылады, оның меншігінде 107 861 935 (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,00 %) соның ішінде компанияның 107 856 540 жай
акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %)
және 5 395 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 0,50 %) бар.
[2022-01-27]