KZ
11 мамыр 2025, 20:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.01.2022 16:59 #Корпоративтік уақиғалар

"КазТрансОйл" АҚ 2021 жылға өндірістік қызметі нәтижесі туралы хабарлайды

/KASE, 25.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2022 жылдың 25 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:

цитата басы

«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылға арналған өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде мұнайды тасымалдау және жүк айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек мұнай тасымалдау көлемі 41 млн 224 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 млн 74 мың тоннаға аз. 2021 жылы бұл көрсеткіштің төмендеуі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бизнес-жоспарында ОПЕК+ келісімі бойынша өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелерді және жетілген кен орындарындағы өндіріс деңгейінің табиғи төмендеуін ескере отырып қарастырылған.

цитата соңы

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы толығырақ мекен-жайында жарияланған.

[2022-01-25]