Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақтелеком" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 24.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 10 922 876 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 213 653 дана;
 - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
 - компания өзінің 216 852 жай акциясын және 914 868 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
 - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
 
-------------------------------------------------------------------------------
                                                 Жай акциялар,                 
                                 -----------------------------      Компанияның
                                                                орналастырылған
                                                  осы атаудағы     акцияларының
                                               орналастырылған  жалпы санындағы
                                              акцияларды жалпы         үлесінің
Атауы                                  дана санындағы үлесі, %       барлығы, %
-------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
"Самұрық-Қазына" Ұлттық   
әл-ауқат қоры" АҚ                 5 570 668              52,03            45,90
SKYLINE INVESTMENT COMPANY
S.A. (Люксембург)                 2 671 481              24,95            22,01
THE BANK OF NEW YORK      
MELLON DRS (номиналды     
ұстаушы)                          1 046 150               9,77             8,62
-------------------------------------------------------------------------------
[2022-01-24]