KZ
9 шілде 2025, 12:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2022 16:01 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 12 қаңтарда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 11 шығарылымын (KZKD00001095, MUM096_0011) өтеуге кірістілігі жылдық 10,75 %-бен орналастырып, 3,0 млрд теңге тартты

/KASE, 14.01.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2022 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-096 11-шығарылымының (KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

"Орталық бағалы қағаздард депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2022 жылдың 14 Қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша мәміле орындалды, қанағаттандырылған өтінімнің көлемі 3 025 452 500,0 теңгені құрады.

KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 12 қаңтарда 3,0 млн МЕУКАМ-096 11 шығарылымының (KZKD00001095, MUM096_0011) өтеуге кірістілігі жылдық 10,75 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2022-01-14]