/KASE, 14.01.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде 2022 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-096 11-шығарылымының
(KZKD00001095, MUM096_0011) орналастыру бойынша қайтадан
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
"Орталық бағалы қағаздард депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2022 жылдың 14 Қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша
мәміле орындалды, қанағаттандырылған өтінімнің көлемі
3 025 452 500,0 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 12 қаңтарда
3,0 млн МЕУКАМ-096 11 шығарылымының (KZKD00001095, MUM096_0011)
өтеуге кірістілігі жылдық 10,75 %-бен орналастырды" тақырыбындағы
жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/kz/news/show/1475899/
сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-01-14]