"Қазақтелеком" АҚ өзінің KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2021 жылға кепілдік берілген дивидендтер төледі

13.01.22 16:55
/KASE, 13.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 20-24 желтоқсан аралығында өзінің KZ0009094645 артықшылықты акциялары (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) бойынша 2021 жылға жалпы сомасы 64,3 млн теңге бір акцияға 300 теңге мөлшерінде кепілдік берілген дивидендтердің төленгені туралы Биржаға хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_dividends_241221_21.pdf [2022-01-13]