05 қаңтарда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 05.01.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 98,8668 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,75%) жалпы сомасы 3 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 10,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 3 104 033 166,7 теңгені құрады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012)" орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды.
[2022-01-05]