28 желтоқсаннан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторлардың өкілетті тізімінен, айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (TCOMb1) облигациялары алып тасталды
/KASE, 28.09.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап KASE негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін арналған өкілетті тізімнен "Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (TCOMb1) облигациялары, айналым мерзімі аяқталуына байланысты алып тасталғаны туралы хабарлайды.
2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының төкілетті тізімі 55 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).
Аталған индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептеледі.
Әдітеменің мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
[2021-12-28]