KZ
11 мамыр 2025, 15:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.12.2021 14:10 #Бағалы қағаздар

"Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" АҚ өзінің KZ2C00003432 (MREKb9) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

/KASE, 21.12.21/ - "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" АҚ (Ақтау) 2021 жылдың 21 желтоқсанында өзінің KZ2C00003432 (MREKb9) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - 13-шi купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.

Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 4 613 613 823,42 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 4 541 999 232,36 теңгені, 13-шi купондық сыйақысы – 71 614 591,07 теңгені құрады.

[2021-12-21]