Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Транстелеком"АҚ KZ2C00006880 (TCOMb2) облигацияларының сауда-саттығы ашылды
/KASE, 20.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006880 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TCOMb2, 1 000 теңге, 18,0 млрд теңге; 19.11.21-19.11.28; жартыжылдық купон, жылдық 13,00%; 30/360) облигацияларының Биржада сауда-саттығы ашылғанын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2021-12-20]