"Қазақтелеком" АҚ Fitch Ratings байланыс оператордың жарқын болашағы туралы оң бағасын жариялады

14.12.21 13:22
/KASE, 14.12.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2021 жылдың 14 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингін BBB- (болжам тұрақты) деңгейінде растады. Осы беделді халықаралық құрылымның сарапшылары ірі қазақстандық байланыс операторының кредиттік рейтингінің жоғары инвестициялық деңгейін компанияның елдің телекоммуникация нарығының барлық сегменттеріндегі үстем нарықтық позицияларымен, бос ақша ағындарының тұрақты генерациясымен, қалыпты борыштық жүктемемен және бизнестің кірістілігін арттырумен байланыстырады. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_141221_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_141221_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-12-14]