06 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында (NEM_KZ) Newmont Corp. US6516391066 жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

06.12.21 09:10
/KASE, 06.12.21, 02.12.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 06 желтоқсанынан бастап Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 ( "KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады. Сонымен бірге, 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап осы акциялардың KASE-дегі сауда-саттықтары есеп айырысу күні 2021 жылдың 9 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда режимдерінде тоқтатылады. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес KASE-ге 2021 жылғы 3 желтоқсанда осы акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады. [2021-12-06]