29 қараша күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 29.11.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 94,9928% таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,40 %) жалпы сомасы 2 616 529 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 137,7 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 2 596 095 216,8 теңгені құрады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
"Бүгін KASE-де бірінші шығарылымның МЕУКАМ-180 (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша KASE интернет- сайтында жарияланды.
[2021-11-29]