KZ
13 шілде 2025, 15:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.11.2021 12:16 #Қаржы құралдары

23 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

/KASE, 23.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 23 қарашасынан бастап KASE-де Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) сауда-саттығы уақытша тоқтатылды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру Ережесі" 11-2-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE-ге 2021 жылғы 23 қарашада осы акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімде болатыны туралы ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылды..

[2021-11-23]