Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Транстелеком" АҚ KZ2C00006880 (TCOMb2) облигациялары шығарылымы аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

17.11.21 15:46
/KASE, 17.11.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі KZ2C00006880 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TCOMb2; 1 000 теңге, 18,0 млрд теңге; 12 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер көшірмесін және бұрын берілген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін тіркегені туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістерді тіркеді; - аталған облигациялардың айналыс мерзімінің өзгеруіне байланысты сертификат ауыстырылды; - айналыс мерзімі 12 жылдан 7 жылға ауыстырылды; - сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,50%-дан жылдық 13,00%-ға өзгертілді. Аталмыш ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/TCOM/tcomf9_TCOMb2_izm_161121.pdf [2021-11-17]