Freedom Holding Corp. 2021 жылдың 30 қыркүйегіне аяқталған 2022 жылдың екінші тоқсанына қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы жариялады

09.11.21 12:10
/KASE, 09.11.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 08 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2021 жылдың 30 қыркүйегіне аяқталған 2022 жылдың екінші тоқсанына қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы хабарлады. Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер: 1) 2020 және 2021 жылдың 30 қыркүйегіне және 2020 жылға аяқталған жылдары Холдингтің түсімі $313 млн және $70 млн сәйкесінше құрады. $243 млн немесе 349% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 2,011%, немесе $167 млн өсуі есебінен болды, $8 млн-нан $175 млн-ға дейін, сондай-ақ сауда-саттық бағалы қағаздарының 115%, немесе $62 млн, $54 млн-нан $116 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды. 2) Холдингтің шығыны $35 млн немесе 85% артты, оның себебі: а) негізінен Холдинг қызметін қызметкерлерді сатып алу және жалдау арқылы кеңейту нәтижесінде жалақы шығындарының ұлғаюы есебінен операциялық шығыстардың 21 миллион долларға артуы, акцияларға негізделген төлемдердің құнының өсуі нәтижесінде негізгі қызметкерлерге акция гранттарын беру, сондай-ақ бизнестің кеңеюі нәтижесінде жарнамалық және кәсіби қызметтерге жұмсалатын шығындардың өсуіне байланысты; б) пайыздық шығыстардың 11 млн.АҚШ долларына ұлғаюы негізінен клиенттердің банктік шоттарындағы қалдықтар бойынша пайыздық шығыстардың ұлғаюына, бағалы қағаздар бойынша РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландыруға байланысты шығыстардың ұлғаюына байланысты болды; с) клиенттер санының және олар жасайтын транзакциялар көлемінің ұлғаюына байланысты комиссиялық шығындардың 3 миллион долларға артуы. 3) 2020 және 2021 жылдың 20 қыркүйегіне аяқталған үш айына аяқталған жылдарға: a) Холдингтің таза табысы $205 млн және $24 млн сәйкесінше құрады; b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг акциясының табысы 58 және 59 млн дана, сәйкесінше $3,44 және $0,4 құрады; c) өзге жиынтық кірісі $205 млн және $13 млн сәйкесінше құрады. 4) 2021 жылдың 30 қыркүйегаіне яқталған жылдың ішінде Холдингтің активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $373 млн және $162 млн. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_reliz_081121_1.pdf [2021-11-09]