KASE Басқармасы Gaz Finance PLC XS2291819980 (GB_GAZFe1) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санатына енгізу бойынша шешім қабылдады
13.10.21 10:30
/KASE, 13.10.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 12 қазанындағы
шешімімен "Газпром" БАҚ (Ресей) кепілдігімен (міндеттеме) облигациялық
бағдарламасы аясында шығарылған Gaz Finance PLC (Біріккен Корольдігі)
XS2291819980 ($2,0 млрд; 27.01.21 – 27.01.29; жартыжылдық купон, жылдық
2,95 %; 30/360) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне
баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді.
Аталмыш облигациялардың бастамашысы Қзақстан қор биржасында
"Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне енетін күні туралы қосымша
хабарланады.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгі (сауда-саттық коды)
GB_GAZFe1 беріледі.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімінің күшіне енген соң KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2021-10-13]