2021 жылдың 05 қазанынан бастап "Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығы өткізіледі

05.10.21 09:59
/KASE, 05710721, 01.10.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 05 қазанынан бастап Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығының екінші кезеңін өткізеді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық салада білім алып жатқан студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Оқу сауда-саттығы 2021 жылдың 05 қазанынан 03 желтоқсаны аралығында өтеді. Қатысушылар үшін тіркелудің электрондық формасы мына сілтемеде https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/ Жобаға в Google Play-да KASE Mobile қосымшасын жүктеп, қатысуға болады – https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.kase.mobile&hl=en_US&gl=US и App Store – https://apps.apple.com/us/app/kase-mobile/id1537352233 Биржалық симулятордың Telegram арнасына мына сілтеме арқылы жазылуға болады https://t.me/exchangesimulator Сауда-саттықққа қатысушыларға жоба аясында 30 ға жуық құрал қол жетімді болады. Белгілі брендтердің акцияларынан басқа, сауда-саттыққа белгілі инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары Yandex, Exxon Mobil, Coca- Cola қатысады. Барлық мәселе бойынша электрондық мекен-жайына bs@kase.kz хабарласуға болады. KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің қатысуымен Business FM арнасында "Фондовые рынки с KASE" атты оқытушы хабарламасын қосымша тыңдауларыңызды сұраймыз – https://kase.kz/ru/events/show/2021/KASEbroadcast_2021/ Хабарлама қор нарығында, оның құрылымында инвестициялау, құралдардың түрлері мен ерекшеліктері мәселелеріне арналған. [2021-10-05]