24 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 24.09.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 99,4996 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,76%) жалпы сомасы 15 099 581 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 75,9% құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 15 163 018 534,1 теңгені құрады.
Нұр-сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды.
[2021-09-24]