20 қыркүйектен бастап Еуразиялық даму банкі KZ2D00008083 (EABRb21) "жасыл" облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

17.09.21 15:30
/KASE, 17.09.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкі KZ2D00008083 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) жасыл облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Бұл облигациялардың шығарылымы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі 2020 жылдың 30 шілдесінде жалпы сомасына 250,0 млрд. тіркелген Еуразиялық даму банкінің үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады. Осы облигацияларға EABRb21 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/EABR/ [2021-09-17]