KZ
9 шілде 2025, 12:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.09.2021 16:55 #Сауда-саттық ақпараты

15 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 15.09.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-096 12-шы (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 99,3732 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,66 %) жалпы сомасы 3 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.

Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-096 (KZKD00001160, MUM096_0012) 12-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2021-09-15]