20 тамыздан бастап бағалы қағаздардың тоғыз атауы Т+ тізіміне енгізіледі

15.09.21 16:07
/KASE, 15.09.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 16 қыркүйегнінен бастап келесі бағалы қағаздарын ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) енгізу туралы шешім қабылдады: 1) Ford Motor Company US3453708600 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_FORD) жай акциялары; 2) Kaspi.kz KZ1C00001536 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KSPI) жай акциялары; 3) FinEx Physically Backed Funds Plc балама инвестициялық қоры шығарған FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегирленген қосымша қорының IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, IE_FXBF) акциялары; 4) State Street Global Advisors SPDR S&P 500 ETF TRUST басқаруындағы биржалық индекс қорының US78462F1030 IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_SPY_) үлеспұлдары; 5) "Қазақстан Даму Банкі" АҚ XS2337670694, US25159XAD57 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZe12) халықралық облигациялары; 6) "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007482 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb15) облигациялары; 7) "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007508 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb17) облигациялары"; 8) "Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KZTKb4) облигациялары; "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00003036 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb17) облигациялары. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2021-09-15]