14 қыркүйектен бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2С00007987 (BRKZb23) және KZ2С00007904 (BRKZb24) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңның "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 15.09.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 13 қыркүйегінде ""Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады:
KZ2С00007987 (BRKZb23; 1 000 теңге, 22,2 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша өткен бірінші сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалады; 30/360)
- KZ2С00007904 (BRKZb24; 1 000 теңге, 32,2 млрд теңге; 10 жыл, жылдық купон, жылдық 7,10%; 30/360).
Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 14 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – толығырақ
[2021-09-15]