/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.09.21 09:27
/KASE, 01.09.21, 25.08.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, Биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2021 жылдың қыркүйек айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық қолхаттардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 23 тамызындағы шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне бағалы қағаздардың 26 атауы енгізілді, бұл тізім 2021 жылдың 01 мен 30 қыркүйегі аралығында қолданыста болады. Қолданыстағы өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізімі 2021 жылдың тамыз айына қалыптастырылған тізіміне енгізілгендер: 1) Kaspi.kz АҚ (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KSPI) жай акциялары. 2) Invesco Water Resources ETFинвестициялық қоры шығарған Invesco Exchange-Traded Fund Trust (АҚШ) US46137V1420 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар" секторы, US_PHO_) акциялары; 3) "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ KZ0009089736 KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, MMGZp) артықшылықты акциялары; 4) Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_PFE_) жай акциялары. 2021 жылдың тамыз айына қалыптастырылған өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен жай акциялар шығарылды: 1) Apple Inc US0378331005 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_AAPL) жай акциялары; 2) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары. 2021 жылдың қыркүйек айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_aug.pdf жарияланады. 2021 жылдың тамыз айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_july.pdf сілтемесі бойынша жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-09-01]