28 қыркүйекте "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

25.08.21 17:37
/KASE, 25.08.21/ –акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады.Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе акционерлердің 2021 жылдың 06 сәуіріндегі жылдық жалпы жиналысының компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге қатысты шешімдерін орындау болып табылады. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_280921_529.pdf [2021-08-25]