Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-060 (KZK200000679, MOM060_0052) 52-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізіледі

04.08.21 09:10
/KASE, 04.08.21/ – Бүгінғ бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық (Нұр-Сұлтан қ. уақыты) өткізіледі. ------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕОКАМ-060 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZK200000679 Шығарылымның реттік саны: 0052 / 060 KASE сауда-саттық коды: MOM060_0052 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Төлеу күні: – Айналысқа жіберу күні: 04.08.21 Айналыста болудың соңғы күні: 03.08.26 Өтеу мерзімі: 04.08.26 Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купондық төлем кестесі: 1 04.02.22 2 04.08.22 3 06.02.23 4 04.08.23 5 05.02.24 6 05.08.24 7 04.02.25 8 04.08.25 9 04.02.26 10 04.08.26 Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------------------- ------------------------- Сауда-саттық күні: 04.08.21 Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 25 000,0 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу күні және уақыты: 04.08.21, 15:00 Шектелімді қарсылама өтінімдерді қарама-қайшы өтінімдердің қанағатандыру тәсілі: көлеміне пропорционалды Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру бірыңғай кесімді әдісі: бағасы бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі бірыңғай кесімді бағасы бойынша ------------------------------------------------------------------------- *ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ережелерге сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда- саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады. Өтінімде баға ретінде, номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақысын қоспағанда) бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Сауда-саттыққа қатысушылар уақыт кестесінде көрсетілген уақытта "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып). Толық көлемде немесе ішінара берілген өтінімдер қанағаттандырылған кезде тиісті соманы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс. Ережелердің мәтіні мына сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигацияларды шағыру туралы толық ақпаратпен https://kase.kz/ru/gsecs/show/MOM060_0052/ мекен-жайында танысуға болады. [2021-08-043]