30 шілдеде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 30.07.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 96,3837 %таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,30 %) жалпы сомасы 60 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердің орташа сараланған таза бағасы номиналдан жылдық 96,3837 % (кірістілігі – жылдық 10,75%).
KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 100,0 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 60 221 886 666,7 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-168 (KZKD00001111, MUM168_0005)" бесінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2021-07-30]