KZ
12 шілде 2025, 07:03
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.07.2021 11:18 #Бағалы қағаздар

"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 16.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана;
  • компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 1 440 466 жай акциясын және 789 500 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Қ.Қ. Мәжібаев болып табылады, оның меншігінде 1 944 771 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 96,65 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 45,84 %) бар.

[2021-07-16]