ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2021 ЖЫЛДЫҢ 04 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІН АНЫҚТАДЫ

15.07.21 12:44
/KASE, 15.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің 2021 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (бұдан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталды. Аталмыш шешімге сәйкес 2021 жылдың 04 тамызынан бастап KASE Индексін есептеу үшін өкілетті тізім өзгертусіз қалады. --------------------------------------------------------------------------- # р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент Fi Ri Үлесі коды 4.07.21 ----- -------- --------------- --------------------- ---- --------- ------- 1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 10,9 2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық 35,5 0,0414290 15,9 жинақ банкі" АҚ 3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 25,0 0,2076726 12,3 4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 10,0 0,5846732 15,3 5 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,0337129 15,5 ҰАК" АҚ 6 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 23,0 0,3576434 15,4 7 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 0,6083395 14,6 --------------------------------------------------------------------------- КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМІ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 01.10.20 жағдай бойынша еркін айналыстағы акциялардың туындысы ретінде алынған, 01.10.20 Биржада тіркелген соңғы мәміленің бағасына және әр атаудағы акцияның индекстің мәніне ықпал ету үлесін шектейтін, Ri коэффициентіне көбейтінді ретінде алынған, параметр. Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитет шектеу коэффициенттерінің мәнін қайта есептеу туралы шешім қабылдағаннан кейін, яғни, 01.08.21 жағдай бойынша, Fi мәні өзгереді, себебі акциялардың ағымдағы бағасына сәйкес түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициент – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын 0,15 (15 %) пайызға дейін шектейтін, параметр, оны есептеу тәртібі Әдістемеде анықталады. Үлес – қандай да бір атаудағы акциялар құнының, KASE Индексін есептеу үшін арналған өкілетті тізімнің барлық атаудағы акцияларының жиынтық нарықтық сомасының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf [2021-07-15]