/KASE, 13.07.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2021 жылдың 13 шілдесінен бастап Еуразиялық даму банкінің
KZ2D00005824 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы, EABRb13; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге;
24.06.21-23.06.23; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE
сауда-саттықтары ашылды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
KASE интернет-сайтында келесі мекенжай бойынша жарияланды:
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb13/
[2021-07-13]