Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 шілдеге белгіленген "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді
/KASE, 13.07.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 29 шілдесіне тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін "Қазақтелеком "АҚ арнайы мақсаттағы 2020-2021 жылдарға арналған қосымша аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымының қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы мәселесімен толықтырылғаны туралы Биржаға хабарлады.
Толықтыруды ескере отырып, аталған жиналыстың күн тәртібі келесідей:
- "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы;
- "Қазақтелеком" АҚ арнайы мақсаттағы 2020-2021 жылдарға арналған қосымша аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы.
Осы ақпарат жарияланды – толығырақ
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2021-07-13]