/KASE, 08.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), өз
акционерлерінің 2021 жылдың 28 маусымында болып өткен жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады:
- компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2020 жылғы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
- 3 864 081 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстың 100 % компанияның
қаржылық жағдайын жақсартуға және инвестициялық жобаларын іске
асыруға бағытталсын;
- 2020 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер
төлемеу;
- компанияның бір жай акциясына есептегенде 2020 жылға дивиденд
мөлшерін бекітпеу.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша
шешім қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/TCOM/tcom_annual_shareholders_meeting_results_280621_2887.pdf
[2021-07-08]