07 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KASE ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚ SPECTRA САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ
/KASE, 07.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 07 шілдесінен бастап деривативтер нарығында SPECTRA жаңа сауда- клирингілік жүйесін іске қосатынын хабарлайды.
Жаңа сауда-клирингілік жүйеде мынадай туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізілетін болады:
- АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімсіз фьючерс;
- "Қазақстан Халық жинақ банкі " АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз фьючерс;
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз фьючерс;
- KASE индексіне жеткізілімсіз фьючерс.
Болашақта KASE опциондар, опциондық сериялар, күнтізбелік спредтер сияқты құралдармен туынды қаржы құралдарының желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.
SPECTRA сауда-саттық жүйесінде туынды қаржы құралдарымен сауданы реттеу үшін, сондай-ақ осы нарықта клиринг, есеп айырысу және орталық контрагенттің функцияларын орындау ережелерін белгілеу үшін 2021 жылдың 07 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі:
- Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 7 өзгертулер мен толықтырулар;
- Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар туралы қағидаға № 8 өзгертулер мен толықтырулар;
- Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға № 9 өзгертулер мен толықтырулар;
- Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 11 өзгертулер мен толықтырулар;
- Биржаның сауда жүйелеріне рұқсат беру ережесіне № 1 өзгертулер;
- ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ережелеріне № 3 өзгертулер мен толықтырулар;
- Сауда-саттық және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс регламентіне № 4 өзгерту;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 5 өзгертулер мен толықтырулар;
- Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп айырысу ережелерінің жаңа редакциясы;
- Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы;
- Қазақстандық эмитенттердің акцияларына фьючерстердің маманданымы;
- KASE индексіне фьючерстің маманданымының жаңа редакциясы.
Осы күннен бастап өз күшінен айырылды деп саналады:
- Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелерінің қолданыстағы редакциясы;
- KAZ Minerals PLC жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- "Кселл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- "ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
- KASE индексіне фьючерстің маманданымының қолданыста редакциясы;
- АҚШ долларының теңгеге фьючерстерстің маманданымы.
Көрсетілген құжаттар KASE сайтының "KASE Ережелері" бөлімінде сілтеме мына бойынша орналастырылатын болады толығырақ
Осы уаоқиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтының "Баспасөз мәлімдемелері" бөлімінде жарияланады – толығырақ
[2021-07-07]