KZ
12 шілде 2025, 12:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2021 11:28 #Корпоративтік уақиғалар

"Транстелеком" АҚ 2020 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 01.07.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті Биржаға ұсынды.

2020 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):

------------------------------------------------------------
                                        31.12.20    31.12.19
Көрсеткіш                                   ж.б.        ж.б.
------------------------------------ ----------- -----------
Меншікті капитал                      31 080 821  27 300 976
Жиынтық активтер                     174 542 867 113 959 715
Жиынтық міндеттемелер                143 462 046  86 658 739
Сату көлемі                           68 452 589  81 976 467
Жалпы кіріс                           16 108 973  17 497 987
Таза пайда (таза шығын)                3 864 081   2 708 133
Жай акциялардың баластық құны, теңге       2 479       1 998
ROA, %                                      2,21        2,38
ROE, %                                     12,43        9,92
ROS, %                                      5,64        3,30
------------------------------------------------------------

Компанияның 2020 жылға қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес қаржылық есептілік барлық елеулі мәндерде 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Транстелеком" АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес көрсетілген күні аяқталған жыл үшін ақша қаражатының қозғалысын анық көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2021-07-01]