KZ
6 шілде 2025, 01:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.06.2021 12:16 #Корпоративтік уақиғалар

Freedom Holding Corp. компаниясы S&P Global Ratings агенттігінің "Фридом Финанс" АҚ және "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы ЖШҚ рейтингілік бағаларын көтергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

/KASE, 29.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. компаниясы (АҚШ) былай деп Биржаға хабарлады:

S&P Global Ratings агенттігі "Фридом Финанс" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Фридом Финанс" АҚ (Қазақстан Республикасы) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін "B-" деңгейінен "B" деңгейіне дейін көтерді. Болжам – "Тұрақты".

Сонымен қатар агенттік эмитенттердің қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін екі компания үшін де "B" деңгейінде растады және "Фридом Финанс" АҚ рейтингін ұлттық шкала бойынша "kzBB" деңгейінен "kzBB+"дейіне дейін көтерді.

Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2021-06-29]