KZ
9 мамыр 2025, 14:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.06.2021 16:04 #Корпоративтік уақиғалар

07 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KASE ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚ SPECTRA САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

/KASE, 28.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 07 шілдесінен бастап деривативтер нарығында SPECTRA жаңа сауда- клирингілік жүйесін іске қосатынын хабарлайды.

Жаңа сауда-клирингілік жүйеде мынадай туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізілетін болады:

  • АҚШ долларының теңгеге бағамына жеткізілімсіз фьючерс;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі " АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз фьючерс;
  • "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"АҚ жай акцияларына жеткізілімсіз фьючерс;
  • KASE индексіне жеткізілімсіз фьючерс.

Болашақта KASE опциондар, опциондық сериялар, күнтізбелік спредтер сияқты құралдармен туынды қаржы құралдарының желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

SPECTRA сауда-саттық жүйесінде туынды қаржы құралдарымен сауданы реттеу үшін, сондай-ақ осы нарықта клиринг, есеп айырысу және орталық контрагенттің функцияларын орындау ережелерін белгілеу үшін 2021 жылдың 07 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі:

  • Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 7 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар туралы қағидаға № 8 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға № 9 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 11 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп айырысу ережелерінің жаңа редакциясы;
  • Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы;
  • Қазақстандық эмитенттердің акцияларына фьючерстердің маманданымы;
  • KASE индексіне фьючерстің маманданымының жаңа редакциясы.

Осы күннен бастап өз күшінен айырылды деп саналады:

  • Деривативтер нарығындағы сауда-саттықтар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелерінің қолданыстағы редакциясы;
  • KAZ Minerals PLC жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
  • "Кселл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
  • "ҚазТрансОйл" АҚ жай акцияларына фьючерстің маманданымы;
  • KASE индексіне фьючерстің маманданымының қолданыста редакциясы;
  • АҚШ долларының теңгеге фьючерстерстің маманданымы.

Көрсетілген құжаттар KASE сайтының "KASE Ережелері" бөлімінде сілтеме мына бойынша орналастырылатын болады толығырақ

Осы уаоқиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтының "Баспасөз мәлімдемелері" бөлімінде жарияланады – толығырақ

[2021-06-28]