KZ
2 шілде 2025, 16:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.06.2021 16:28 #Корпоративтік уақиғалар

Freedom Holding Corp. 2021 жылдың 31 науызына аяқталған 2021 қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы жариялады

/KASE, 16.06.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 15 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:

...

Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған 2021 қаржылық жылға қаржы нәтижелері туралы хабарлады.

Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер:

1) 2020 және 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жылдары Холдингтің түсімі $353 млн және $122 млн сәйкесінше құрады. $231 млн немесе 189% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 193% немесе $179 млн өсуі есебінен болды, $93 млн-нан $272 млн-ға дейін, сондай-ақ сауда-саттық бағалы қағаздарының 209%, немесе $31 млн, $15 млн-нан $46 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды.

2) Холдингтің шығыны $86 млн немесе 91% артты, оның себебі:

a) клиенттер мен олар жасаған мәмілелердің көлемі өсуі есебінен комиссия бойынша шығын $51 млн артты;

b) РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландырумен байланысты шығындардың өсуі, көбінесе банктік және брокерлік шоттарда клиенттік қалдықтар бойынша пайыздық шығындарының өсуімен байланысты пайыздық шығыны $17 млн артуы;

c) операциялық шығындардың $15 млн өсуі, көбінесе Компания қызметін кеңейту нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша.

3) 2020 және 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жылдарға:

a) Холдингтің таза табысы $143 млн және $22 млн сәйкесінше құрады;

b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг акциясының табысы 58 млн дана, сәйкесінше $2,45 және $0,38 құрады;

c) өзге жиынтық кірісі $145 млн және $7 млн сәйкесінше құрады.

4) 2021 жылдың 31 наурызына аяқталған жлдың ішінде Холдингтің активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $1,565 млн және $1,419 млн.

...

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған – толығырақ

[2021-06-16]