"Қазақстан қор биржасы" АҚ өз акционерлерінің 2021 жылдың 31 мамырында сырттай дауыс беру арқылы болып өткен жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды

31.05.21 19:46
/KASE, 31.05.21/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа), хабарлайды: 2020 жылдың 31 мамырында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтті, онда төмендегі шешімдер қабылданды. 1.Биржаның 2020 жылдағы қызметі туралы Жылдық есебінде баяндалған мәлімет назарға алынсын. 2.2020 жылға биржаның жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілсін. 3.Биржаның 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төленбейді, Биржаның 2 893 511 000 теңге 26 тиын (100 %) көлеміндегі таза табысын (кіріс) Биржаның дамуына жіберілсін. 4."BDO Kazakhstan" ЖШС Биржаның 2021 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы болып белгіленсін. 5.2020 жылы Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне оның қызметі мәселелері бойынша акционерлердің өтініштерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын. 6.Директорлар кеңесі мен Биржа Басқармасы мүшелерінің 2020 жылға сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын. 7.Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2020 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша жылдық сыйақы төлеу. 8.Биржаның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау – 10 адам, оның ішінде: –Директорлар кеңесінің сайланбайтын үш мүшесі (Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілі, "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84 бабы 4 тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі және Биржа Жарғысының 17 бабы 3 тармағының 2) тармақшасының негізінде Биржа Басқармасының төрағасы (лауазымы бойынша); –Биржа акционерлерінің төрт өкілі; –Биржаның үш тәуелсіз директоры. 9.Директорлар кеңесінің сайланатын мүшелерінің өкілеттік мерзімі олар сайланған күннен басталады және Биржа акционерлерінің 2023 жылға жылдық қаржылық есептілігін қарауға арналатын жылдық жалпы жиналысын өткізу сәтінде аяқталады деп айқындалсын. 10.Биржа акционерлері мүдделерінің өкілдері болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшелері болып Е. С. Әбдіразақов, А.В. Дронин, И.Л. Марич, Е.И. Сәлімов сайлансын. 11.Директорлар кеңесінің мүшелері, Биржаның тәуелсіз директорлары – Виллемс Ян, Дорон Израиль, А. Р. Елемесов сайлансын. [2021-05-31]