01 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ 11 АТАУЛЫ ОБЛИГАЦИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

01.06.21 11:21
/KASE, 01.06.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі комитеті Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2021 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілетті тізімге келесі облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00007383 (BTRKb7) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ; 2) KZ2C00004133 (JSBNb1) "Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ; 3) KZ2C00007326 (KFUSb10) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 4) KZ2C00007334 (KFUSb11 "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 5) KZ2C00007037 (KFUSb4) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 6) KZ2C00007110 (KFUSb5) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 7) KZ2C00007128 (KFUSb6) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 8) KZ2C00007136 (KFUSb7) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 9) KZ2C00007300 (KFUSb8) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 10) KZ2C00007318 (KFUSb9) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ 11) KZ2C00006393 (KZIKb30) "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ Көрсетілген облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес KASE қор нарығының индикаторларын есептеу үшін үш айда бір рет мына сауда-саттық алаңдарының өкілетті тізімдерін қайта қарайды: 1) негізгі алаңның (KASE_BM сериясы*) – KASE_BMC таза бағалар индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) баламалы алаңның (KASE_BA* сериясы) – KASE_BAC таза бағалар индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2021 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 50 атаулы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлардың тізіміне енгізу үшін баламалы алаңның облигациялары жоқ. KASE_BA* сериялы индикаторларды есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілдік іріктеудің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылатыны еске саламыз, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төртеу болуы тиіс. Көрсетілген тізімдер KASE интернет-сайтында мына мекен-жай бойынша қолжетімді http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында келесі мекен-жай бойынша қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2021-06-01]