/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2021 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.06.21 09:41
/KASE, 01.06.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2021 жылдың маусым айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 201 маусымынан 24 мамырынан бастап шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне бағалы қағаздардың 34 атауы енгізілді, бұл тізім 2021 жылдың 01 мен 30 маусымы аралығында қолданыста болады. Қолданыстағы өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізімі 2021 жылдың маусым айына қалыптастырылған тізіміне енгізілгендер: 1) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары; 2) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ЖЗИҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) үлеспұлдары. 3) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US63253R2013 (KZAPd), KZ1C00001619 (KZAP) жахандық депозитарлық жазылым; 4) простые акции Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_XOM_) жай акциялары; 5) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ЖЗИҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) үлеспұлдары. 2021 жылдың мамыр айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен жай акциялар шығарылды: 1) "ForteBank АҚ KZ000A0F4546 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ASBN) жай акциялары; 2) "Магнит" БАҚ RU000A0JKQU8 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_MGNT) жац акциялары; 3) "Новолипецк металлургиялық комбинаты" БАҚ RU0009046452 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_NLMK) жай акциялары; 4) Intel Corporation US4581401001 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_INTC) жай акциялары; 5) Pfizer Inc. US7170811035 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_PFE_) жай акциялары; 6) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "harMONEY" ЖЗИҚ KZPF00000124 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIhm) ; 7) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) үлеспұлдары; 8) "KM GOLD" АҚ KZ1C00001254 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, KMGD) жай акциялары. 2021 жылдың маусым айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_june.pdf жарияланады. 2021 жылдың мамыр айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_may.pdf жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-06-01]