Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KZTK) жай және KZ0009094645 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2020 жылға дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлады
/KASE, 05.05.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 04 мамырында 2020 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша биржаға дивиденд төлегені туралы хабарлады.
Компанияның хабарламасына сәйкес бір жай акцияға дивиденд көлемі– 1 730,88 теңге, жалпы дивиденд сомасы – 18,5 млрд теңге. Бір артықшылықты акцияға дивиденд көлемі – 1 430,88 теңге (бір акцияға кепілді дивидендті шегеріп тастағанда 300 теңге көлемінде), дивидендтің жалпы сомасы – 0,43 млрд теңге. Артықшылықты акциялар бойынша 2020 жылға кепілді дивиденд 2020 жылдың желтоқсан айында төленген болатын.
Аталмыш ақпарат – толығырақ
[2021-05-05]