KZ
13 мамыр 2025, 13:39
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.05.2021 18:14 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақтелеком" АҚ жалғыз акционері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 05.05.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2021 жылдың 30 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады.

Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады:

  • Компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және жеке) бекітілсін;
  • компанияның 2020 жылға таза табысы келесі тәртіпте бөлінсін:
  • 63 493 359 000 теңгесі компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын;
  • Қалған бөлігі компанияның иелігінде қалдырылсын;
  • дивиденд көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға 730,88 теңге көлемінде бекітілсін.

Аталмыш ақпарат – толығырақ 0421_4057.pdf

[2021-05-05]