KZ
15 шілде 2025, 06:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2021 16:52 #Сауда-саттық ақпараты

04 мамырда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын KZKD00000899, MUM084_0017) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

/KASE, 05.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM084_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 94,8494 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,20%) белгілеп, 4 874 891 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды..

KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 101,8 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 4 694 490 783,7 теңге.

Сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен) KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылан сауда-саттық өткізілді.

Орналастыру және қосымша орналастыру қорытындысы бойынша кеңейтілген жаңалығы кейінірек жарияланады.

KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM084_0017)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен жайында жарияланды.

[2021-05-04]