KZ
13 мамыр 2025, 17:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2021 12:12 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

/KASE, 30.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:

цитата басы

"Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстан телекоммуникациялық нарығында жетекші оператор, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына аралық жұмыс қорытындысы туралы жариялады.

  • Сатудың таза көлемі 9,9 пайызға өсіп, 44 016 млн. теңгені (40 062) құрады. Қызметтен түскен кірісі 3,4 пайызға дейін өсіп, 35 802 млн. теңгені құрады (34 620), off-net bulk sms есептемегенде өсім 7,6 пайызды құрады.
  • EBITDA көрсеткіші, бір жолғы шығынды ескермегенде 21,3 пайызға өсіп, 19 421 млн. теңгені құрады (16 007). EBITDA бойынша рентабельділігі 44,1 (40,0) пайызды құрады.
  • Бір жолғы шығынсыз операциялық табысы 44,4 пайызға артып, 11 770 млн. теңгені құрады (8 149).
  • Қаржыландыруға кеткен таза шығын 6,4 пайызға азайып, 2 223 млн. теңгені (2 374) құрады.
  • CAPEX-тің сатуға қатынасы 6,3 пайызды (6,5) құрады.
  • Еркін ақша құралдарының ағымы тұрақты болып қалды және 1 486 млн. теңгені (3 211) құрады.
  • Есептік тоқсанда абоненттік база 8 053 мың қолданушыға артты (7 992).

цитата соңы

  • Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – толығырақ – орыс тілінде;
  • толығырақ – ағылшын тілінде.

[2021-04-30]