14 сәуір Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931, MUM180_0013) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді
/KASE, 14.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931, MUM180_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 87,1649 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,60%) белгілеп, 6 458 936 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 87,3775 % (кірістілігі – жылдық 10,56 %).
KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 51,1 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 5 659 193 883,5 теңге.
Алматы уақытымен саған 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931, MUM180_0013)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен жайында жарияланды.
[2021-04-14]