Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00007354 (THLZb3) облигацияларының сауда-саттықтары ашылды
/KASE, 13.04.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 13 сәуірінде "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2P00007354 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb3; 1 000 тенге, 2,0 млрд тенге; 06.04.21 – 06.04.25; тоқсандық купон, жылдық 16,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды.
Аталмыш облигациялардың баға белгілеу дәлдігі KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу валютасымен көрсетілген, облигациялардың "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2021-04-13]