KZ
2 шілде 2025, 17:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.04.2021 19:51 #Сауда-саттық ақпараты

Қаржы министрлігі 12 сәуір күні Қазақстан қор биржасында өзінің МЕУКАМ-084 (KZKD00000881) 18-ші шығарылымын жылдық 10,40 % - бен орналастыру арқылы 2,5 млрд теңге тартты

/KASE, 12.04.21/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру және қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясы өткізілгені туралы хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТЫ:

-------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық күні:                                     12.04.21                    
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана:               15 000,0                    
Сауда-саттық заты:                                     "таза" бағасы               
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%:        70                          
Өтінім беру тәсілі:                                    жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                           09:00–11:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                             09:00–11:00                 
Кесім уақыты:                                          15:00 (Т+0) дейін          
Төлеу күні және уақыты:                                12.04.21, 15:00             
Қарама-қайшы шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарама-қайшы өтінім         
                                                     көлеміне пропорционалды     
Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру                  бірыңғай кесімді бағаға тең 
тәсілі:                                                                            
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі            бірыңғай кесімді бағаға тең 
-------------------------------------------------------------------------------

KASE сауда-саттық жүйесінде алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін аталмыш облигацияларды 13 000,0 млн теңгеге қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өтті. Алайда, қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау сәтінде белсенді өтінімдер болған жоқ.

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРІ:                                   
--------------------------------------------------- -----------------------
Қатысушылар саны:                                   4                      
Берілген өтінімдер саны (барлығы /белсенді):        10 / 9                 
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         9 / 8                  
– нарықтық:                                         1 / 1                  
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:              7 795,0                
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         7 565,0                
– нарықтық:                                         230,0                  
Ұсынымға сұраным, %:                                52,0                   
Берілген өтінімдер бойынша "таза" бағасы,                                  
номиналдан % (барлық / белсенді):                                          
– минималды                                         10,0000                
– максималды                                        15,0000                
– орташа сараланған                                 10,6784 / 10,6213      
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
   қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің                
   қатысушыларымен расталған, өтінімдер                                    

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі екінші деңгейдегі банктердің үлесіне (ЕДБ) 93,6 %, институционалдық инвесторлардың үлесіне – 6,4 % келді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------------------------- ----------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                      2 495 000      
облигациялар:                                                                       
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:               2 495 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                         4                   
Өтінімдердің қанағаттандырылған                               4                    
қатысушылардың  саны:                                                               
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                       16,6           
жоспардан %:                                                                        
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                       32,0           
сұранымнан %:                                                                       
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге купон мөлшерлемесі,
жылдық %                                                      10,4000        
-------------------------------------------------------------------------------
"Бағалы қағаздардың орталық депозитариі"  АҚ (Алматы) мәліметтеріне
сәйкес МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, 
MUM084_0018) орналастыру бойынша мәмілелер сауда-саттық нәтижесі 
бойынша есептесулер аяқталған сәтте толық көлемде орындалды.

Қаржы министрлігі сатқан МЕКАМ автоматты түрде KASE қайталама нарығында айналысқа кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен жіберіледі. Сонымен қатар облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Аталмыш ережелердің мәтіні толығырақ мекен- жайы бойынша жарияланған.

[2021-04-12]