12 сәуірде Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 (KZKD00001137, MUM084_0018) 18-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді
/KASE, 12.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-084 (KZKD00001137, MUM084_0018) 18-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімді бағаны номиналдан 10,40 % деңгейінде белгілей отырып, номиналдық құны бойынша 2 495 000 000 теңге жалпы сомасына өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE мәліметтері бойынша сұраным ұснымға 52,0 % құрады.
Алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек орналастырылады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 (KZKD00001137, MUM084_0018) 18-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" атты KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
[2021-04-12]