KZ
4 шілде 2025, 11:07
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.04.2021 17:01 #Корпоративтік уақиғалар

Биржалық симулятор: 01 сәуірден 07 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 532,7 млн теңгеге жетті

/KASE, 08.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде.

Байқаудың бір аптасы аралығында (01 -07 сәуірі аралығында) сауда-саттық көлемі 532,7 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 103 млн теңгеден асты.

Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 07 сәуірі аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:

----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды              саны                  
------------ --------- -----------------
BAST                24      4 674 999,86
CCBN               124      8 349 204,95
FFIN_or            106     32 345 445,61
GB_KZMS            227     46 037 658,55
HSBK               213     38 252 952,30
IE_FXBF             60      6 625 000,62
KCEL                91     19 543 639,41
KEGC                99     12 313 742,28
KZAP               202     44 088 309,72
KZTK               179     53 478 973,69
KZTO               242     42 547 220,82
NL_YNDX             46      6 179 999,24
RU_AFLT             57     11 762 144,90
RU_GAZP            109     14 431 956,92
RU_NLMK             44      6 281 671,22
RU_RTKM             34        441 378,08
RU_SBER            188     35 878 374,12
RU_UKFFipo         103      9 368 855,56
RU_VTBR             38      1 454 367,08
US_AAPL            111     33 404 680,30
US_BAC_            145     35 114 440,12
US_FRHC             85     18 905 727,86
US_INTC             54     13 285 068,34
US_KO__             42      4 666 175,04
US_PFE_             23      2 309 474,81
US_SPY_             76     22 202 240,57
US_XOM_             44      8 731 950,98
------------ --------- -----------------
Барлығы          2 766    532 675 652,95
----------------------------------------

Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 153 және 44 млн теңге.

Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 40-тан астам оқу орындарының 1 669 студенті тіркелді.

"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады

Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.

[2021-04-08]