KZ
12 шілде 2025, 07:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.04.2021 12:00 #Бағалы қағаздар

"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 08.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
  • банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
  • банк өзінің 3 391 835 697 акциялары кері сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 80 794 031 785 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,78% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,45%) бар.

[2021-04-08]